Қазақстандық боксшы Дамир Әбдіқадыр бокстан Мәскеуде өткен әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
52 келіге дейінгі салмақтағы «алтын» үшін жекпе-жекте Дамир Әбдіқадыр қарсыласы жастар арасында Ресей чемпионы Дмитрий Двали болды. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Әбдіқадыр жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Дамир Әбдіқадыр турнирде Қазақстанға екінші алтын медаль әкелді. Бұған дейін «алтынды» Теміртас Жүсіпов (49 кг) жеңіп алған болатын.