Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Мәскеудегі әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Нұрсейітовке жастар арасындағы әлем чемпионы ресейлік Алексей Семыкин қарсы шықты. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Нұрсейітовтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Тимур Нұрсейітов Қазақстан құрамасына осы турнирде алтын медаль әкелді. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 кг) чемпион болған.
Айта кетсек, «алтынды» Дамир Әбдіқадыр (52 кг) жеңіп алды, бірақ жекпе-жектен кейін комиссия шешімі қайта қаралып, алтын ресейлік қарсыластың қоржынына кетті.