• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2021

Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр

667 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан кітап фестивалінде 5 мың кітап тегін таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында кітап фестиваліне қатысқанын хабарлады.

«Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», деп жазды Алматы әкімі.

Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Фестиваль қонақтары мен кітап сүйер қауымға 5 мың кітап тегін таратылды.