• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2021

Қарағанды-Балқаш тас жолы жөнделуде

561 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында биыл 1 500 км-ден астам жалпы пайдаланымдағы жолдар, оның ішінде 674 км республикалық маңызы бар жолдар жөндеу жұмыстарымен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол жұмыстарының барысын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов тексерді.

Бүгінде ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды – Балқаш жолында жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. 1 400-ге жуық адам мен 687 арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен жылмен салыстырғанда съездер саны айтарлықтай қысқарды. Бүкіл тас жол бойында айналма жолдар жалпы 25 километрді құрайды. Алайда мердігердің уәде етілген құрылыс қарқыны сақталмай жүр.

«Құрылыстың мәлімделген мерзімінен артта қалып жүрсіз. Жүргізушілердің де шағымдары бар. Мен де бұны көріп тұрмын. Уақытша айналма жолдарда автокөліктің қауіпсіз жүруі және үздіксіз қозғалысы үшін пішіндеу және шаңсыздандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Жүргізушілердің қауіпсіздігі туралы да ұмытпаған жөн», деді Жеңіс Қасымбек.

Мердігерлер өз кезегінде жағдайды түзетуге уәде беріп, құрылыс материалдарының бағасы бірнеше есе көтерілгенін атап өтті, сондықтан кейбір қаржылық қиындықтарға байланысты учаскелерде артта қалулар бар.

Шарт бойынша жол құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс. Бүгінде 10 көпірден 5 көпір салынса, 330 су өткізу құбырының 310-ы салынды.