• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты

328 рет
көрсетілді

Қазнетте Нұр-Cұлтан әуежайының халықаралық терминалында түтін шыққаны бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның 26 қыркүйекте болғанын айтты.

«Сегізінші гейтте жылыту құбырының кабелі істен шықты. Бұл халықаралық терминал. Түтін гейттен терминалға тарады. Сол уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ, тиісті қызметтер жедел әрекет етті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.