Twitter әлеуметтік желісі Ауғанстанның кейбір министрліктерінің парақшаларынан аккаунттардың түпнұсқалығын растайтын тексеру белгілерін алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бірақ бірқатар шенеуніктердің аккаунттары «көк белгілерін» сақтап қалды», деп хабарлайды Pajhwok агенттігі.
Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі парақшаларының «көк белгісінен» айырылды. Сондай-ақ, растау белгісі елдің бұрынғы Президенті Кеңсесінің аккаунтынан да жоғалды. Компанияның мұндай қадамының ықтимал себебі билікті «Талибан» басып алған сәттен бастап ресми парақтарды іс жүзінде пайдаланбау фактісі болды.
Бұған дейін Google компаниясы ауған экс-билігінің пошта шоттарын уақытша бұғаттаған. Бұл билікті басып алған «Талибан» олардың деректеріне қол жеткізе алмайтындай етіп жасалды.