• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қыркүйек, 2021

Азия чемпионатында әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды

317 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен есе жіберген болатын. 

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24  есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.