• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 27 Қыркүйек, 2021

Қазақ тілінде дубляждалады

135 рет
көрсетілді

Елімізде «Кинематография туралы» заңға сәйкес фильм­нің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау тала­бы енгізілмек.

Мәдениет және спорт ми­­нистрлігі Nur Otan пар­тия­­­сының сайлауалды бағ­­дар­ла­масын орындау жө­ніндегі Жол картасын іске асыру мақ­са­­тында «Ки­не­матография туралы» заңға өз­герістер ен­гі­зуді жоспарлап отыр. Заң жо­­басына түзетулер міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ ті­лін­дегі түпнұсқасын талап ету­­ге бағытталған. Сондай-ақ сөздердің орфографиялық нор­­­­малары мен тәртібінің сақ­­талуын, олардың дұрыс құ­­рас­тырылуы мен айтылуын қам­тамасыз ету үшін ти­істі нормалар қабылданды.

Қазіргі уақытта мүдделі ор­гандар, қоғамдық ұй­ым­­­­дар өкілдерінен және ки­­не­матография қайраткер­ле­­рінен жа­сақталған жұмыс тобы құ­рылды. Жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда ки­но­ко­миссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мә­селелер талқыланды. Ал орын­­­далуы алдағы уақытта да жо­балық кеңсе арқылы қадаға­ланбақ.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақ тіліндегі 35-тен аса фильм прокатқа шығып, демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді. Заң жобасы Үкімет отырысында қазан айында қаралмақ. Ал желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жібе­ріледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы заңды қабылдау жос­парланып отыр.