• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2021

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 20 млн теңге беріледі

165 рет
көрсетілді

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Хабар 24» телеарнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ол қаза тапқан батырларға материалдық көмек сомасы нені құрайтынын түсіндірді.

«Болған оқиғаға байланысты Үкімет қайтыс болғандардың отбасына 10 миллион теңге аудару туралы шешім қабылдады. 5 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біз ерікті түрде бір күндік жалақыны жинап, арнайы есепшотқа аудардық. ҚР ТЖМ есебінен 5 миллион теңге тапсырылады. Сонымен қатар емделуге мұқтаж балаларға көмек беріледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру қарастырылған - зардап шеккендердің отбасына 60 айлық ақшалай үлес төленеді. Яғни мұнда көптеген нюанс бар, мұрагерлік құқықты анықтаған соң  аталған көмекті алады», деп қорытындылады министр.

Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт болды. 17 адам қаза тапты.