Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлімдеді.
«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап, бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қону жергілікті уақыт бойынша 21:12-де қалыпты режимде өтті», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.