Қазақстан Үкіметі 2021 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, мерекелер тізіміне «34-2. Радио күні - 1 қазан» тармағы енгізілді.
Қаулы бүгін, 2021 жылдың 27 қыркүйегінде күшіне енді.