• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында карантин жеңілдейді

134 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27 қыркүйек 2021 жылғы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №15 қаулысы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қаулының 1-қосымшасында «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:

«Жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

– демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат берілсін», деп жазылған қаулыда.

Қаулының толық мәтінімен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында танысуға болады.