Бұл туралы Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға, оны дамытуға қатысты бірқатар жүйелі міндеттерді нақтылап, белгілеп берген еді. Атап айтқанда, білім және ғылым саласы бойынша бірінші міндет - 1 мың жаңа мектеп құрылысы. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп салынды. Алайда демографиялық өсу қарқынына байланысты мектептер тапшылығы әлі де бар. Егер де бүгінде орын тапшылығы 260 мың болса, 2025 жылға дейін ол шамамен 4 есеге дейін ұлғаюы мүмкін», деді Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешілуі тиіс.