• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 27 Қыркүйек, 2021

Президент XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

237 рет
көрсетілді

30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазалды Egemen.kz.

Форум аясында мемлекет басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.

Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.

Іс-шара – екі мемлекет арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланысын және мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылу, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау туралы мәселелерді талқылайды.

Форум соңында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.