• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қыркүйек, 2021

Тоғжанов тойға не себепті рұқсат берілгенін түсіндірді

285 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, вице-премьер Ералы Тоғжанов тойға не себепті рұқсат берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәселе той мен банкетке рұқсат беруде емес. Негізгі мақсатымыз – шағын және орта бизнесті қолдау. Ал рұқсат беріліп тұрса, жалпы Қазақстан бойынша барлығы той өткізе алады деген сөз емес. Коронавирусты бақылау міндеті алынып тасталған жоқ. Сондықтан осы мәселе үнемі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралады», деді Тоғжанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай зерделенеді, санитарлық талаптарға сай келмейтін тойларды анықтау шаралары жалғаса береді.