• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Көші-қон комитеті құрылады

416 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде  Көші-қон комитеті құрылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады Egemen.kz. 

«Тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін елдегі көші-қон саясатын дамыту маңызды. Сондықтан Президент Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Көші-қон комитеті құрылып жатыр», деді Ералы Тоғжанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.