• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2021

Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тізбесі кеңейтілді

194 рет
көрсетілді

Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады.

Тиісті өзгерістер «Арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер көрсететін ұйым­дар қызметінің қағидаларын бе­кіту туралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Еңбек және халықты әлеуметтік қор­­­ғау министрінің 2018 жылғы 29 та­мыз­дағы №379 бұйрығына өзге­ріс­­тер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трі­нің бұйрығында көзделген.

Жоғарыда аталған норманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және ЖАО өкілдері ұсынды.

Сондай-ақ барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейне­ба­қы­лау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді. Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың алаңы бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын кабинеттерде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жа­қын адамдарының жазбаларды кө­руге рұқсаты болады.

Бұдан басқа, құжат қажет болған жағ­дайда медициналық-әлеуметтік меке­мелерде тұратын барлық адам­дар­дың интернетке қол жеткізуін қам­та­масыз етуді реттейді.

Айта кету керек, халықты әлеу­мет­тік қорғау жүйесінде 23 мыңнан астам адам­ды қамтитын стационарлық үлгі­де­гі 113 МӘМ жұмыс істейді.

Сонымен қатар қажет болған жағ­­дайда қар, күл шығару, көмірді қазандықтарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды орындау мақсатында «трактор» позициясын қоса отырып, стационарлық үлгідегі МӘМ автокөлік құралдарының лими­тін кеңейту көзделеді. Бұл кө­лік құ­ра­лы­ның болуы ауылдық елді мекен­дерде орналасқан МӘМ үшін қажет.

Жоғарыда аталған салалық бұйрық жер­гілікті атқарушы органдар мен қо­­ғам­дық бірлестіктерден арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсету сала­сын­­дағы НҚА-ға өзгерістер енгізу бо­йынша 150-ге жуық ұсыныс жиналып, талданғаннан кейін әзірленгенін айта кетейік.