Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцинация қарқыны төмен өңірлерді атады, деп жазады Egemen.kz.
Вакцинация қарқыны төмен өңірлер қатарында Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары бар.
Атап айтар болсақ, Қостанайда - І компонентті 317 052, ІІ компонентті 284 991 адам салдырған.
Батыс Қазақстанда екпенің І компонентін - 219 566 адам, ІІ компонентін 193 587 адам алған.
Ал ең төменгі көрсеткіш Маңғыстауда, онда І компонентті - 155 884, ІІ компонентті тек130 627 адам салдырып үлгерген.