• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады?

398 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева жақын арада қандай жаңа халықаралық рейстер ашылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«15 қазаннан бері алғаш рет Алматы-Доха (Катар) рейсін ашу жоспарлануда. Ведомствоаралық комиссия Италияға халықаралық тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін қолдады, Чехияға ұшу қалпына келтірілуде. Сондай-ақ Кувейт, Сауд Арабиясы, Шр-Ланкаға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. Түркия, БАӘ, Германия, Венгрия, Польшаға рейстер санын көбейтеміз. Әзербайжанмен арадағы рейстерді қалпына келтіреміз»,  деді Салтанат Томпиева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Спикер 9 қазаннан бастап Мальдивке күнделікті рейстердің қайта басталатынын еске салды.

Төраға орынбасарының айтуынша, пандемияға байланысты еліміздегі халықаралық әуе тасымалы нарығы әзірге тек 50% қалпына келтірілді.