• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Қыркүйек, 2021

Қажымұқан Мұңайтпасұлының мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары анықталды

267 рет
көрсетілді

Кеше Елорданың 8 мықты спортшысы Batyrs' Battle-ға қатысып, кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған бәсекенің жеңімпазы Қазақстан Республикасының спорт шебері Асхат Пішембаев атанды. Жүзден жүйрік шыққан атлет пен жүлдегерлерді Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев марапаттады.

Айта кетейік, Асхат күштік экстрим бойынша еліміздегі ең мықты 10 адамның қатарында. Жарыстың қалған қатысушылары медаль мен Алғыс хатқа ие болды.

1 орын - Асхат Пішембаев

2 орын - Бекбол Нұрланұлы

3 орын – Болат Ахметов

Аталған іс-шараны Қазақстан спортшылар одағы ұйымдастырып отыр. Жоба Мәдениет және спорт министрлігі, «Сәтті Жұлдыз» АҚ мен Sport Qory туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, Baryrs’ Battle шоуы 5 турдан тұрды. Онда бірінші турда қаптарды биіктікке көтерсе, содан кейін салмағы 120 кг табиғи тасты көтерді, металл шыбықты бүкті, 4-турда салмағы шамамен 140 кг бөренені көтерсе, соңғы турда бір-бірімен белдесті.

Сондай-ақ іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі Ерлан Орынбасарұлы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Анна Алябьева, екі дүркін Әлем және Еуропа чемпионы Светлана Николаевна қатысты.