• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Қыркүйек, 2021

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

344 рет
көрсетілді

Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 2001 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2014 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.   Еңбек жолын жеке секторда бастаған. Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.   ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.