• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қыркүйек, 2021

Шетелдік әскери кадрлар Өзбекстанда даярланады

164 рет
көрсетілді

Шетелдік әскери кадрларды даярлау Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Тиісті жарлыққа Президент Шавкат Мирзиёев 20 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Шет мемлекеттердің әскери қызметкерлерін Өзбекстанның әскери жоғары оқу орындарында оқытуды елдің Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесімен келісім бойынша шетел мемлекеттерінің ресми үндеуі негізінде Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

Оқу аяқталған соң шетелдік әскери қызметшілерге «лейтенант» әскери атағы мен мамандығы бойынша санаты беріледі. Оқыту тегін, жеңілдік пен ақылы негізде де жүргізіледі.

Қазіргі уақытта маман даярлаумен Қарулы Күштер Академиясы, Қарулы Күштердің әскери-медициналық академиясы, сондай-ақ Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс әскери институты мен тағы үш әскери училище айналысып жатыр.