• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2021

Nur Otan мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді

250 рет
көрсетілді

Елордада Nur Otan партиясы мен Жазушылар одағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында алғашқы шара – «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлттық құндылықтарды өрістету жайлы істерді бірлесе атқару туралы ортақ бәтуаға келді. Қол қою рәсіміне Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Әлібек Асқаров, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды қаламгерлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясының басшылығы қатысып, Меморандум шеңберінде алда атқарылатын жобаларды пысықтады.

Жиында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ұйымның мемлекеттік және ұлттық құндылықтарды дә­ріп­теуде мақсаттарының тоғы­са­тын тұстары көп екенін алға тар­тты. Ол екіжақты мемо­ран­дум­ға қол қойып, Елбасы қойған мін­деттерді бірлесе жүзеге асыру жос­­парланып отырғанын жет­кіз­ді.

«Биыл – еліміз үшін ай­шық­­ты жыл. Осы 30 жыл­да біз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назар­баев­­­­тың басшылығымен мемле­кет­­­ті­лігі­міз­дің іргесін бекітіп, ше­ка­ра­мыз­­ды шегендедік, ішкі-сыртқы дамудағы басты бағыттарымызды айқындадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен саяси-экономикалық реформалар одан әрі жалғасып жатыр. Елдің дамуы туралы айтқанда, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ғана емес, руханият мәселелері де ұдайы назарда болуға тиіс. Себебі Тәуелсіздіктің басты құн­дылықтарын екшейтін, оның мә­нін өскелең ұрпаққа жеткізетін – әдебиет пен өнер өкілдері», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Мемо­ран­дум­ға қол қоюдағы басты мақсат – елі­міздің мәдениетін дамыту, елдің интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, сондай-ақ қазіргі заманғы жазушылар мен ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің да­муын ынталандыруға бағытталған бір­лес­кен іс-шараларды жүзеге асы­ру.

Осы орайда партия Төраға­сы­­н­ың бірінші орынбасары Жазу­шы­лар одағымен бірлесе отырып, жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін биылғы «Ұлы дала» байқауының мәні мен маз­мұ­нына тоқталды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жы­­­­лында еліміздің жеткен же­тіс­­­тік­терін, мемлекет іргесін бе­кі­ту­дегі Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз рөлін айшықтау және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық ав­торлардың шығармаларын қол­дау және насихаттау.

Байқау «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі», «Ба­ла­ларға арналған шығарма» атты бес аталым бойынша өткі­зі­ліп, әрқайсысы бойынша 3 жүл­де­лі орын анықталады.

Бірінші орын (1 жүлде) үшін – 1 000 000 теңге, екінші орынға (1 жүлде) – 750 000 теңге, үшінші орынға (1 жүлде) – 500 000 теңге жүлде белгіленіп отыр.

Байқауға 18-ден 40 жасқа де­йінгі ақындар, жазушылар, дра­матургтер мен сценаристер қа­тыса алады.

Өз кезегінде Қазақстан Жазу­шы­­лар одағы басқар­ма­сының тө­рағасы Ұлықбек Есдәулет осын­дай байқаулардың «жүз­ден­ жүйрік, мыңнан тұл­пар» та­лант­­­тардың ірікте­ліп, көпші­лі­к­ке танылуына сеп­те­сетінін алға тарт­ты. Ол ел ішіндегі та­лант­тар­дың танылуын ынталандырып, шығармашылыққа, өнерге, мә­де­ниетке ұдайы қамқорлық танытатын партия басшылығына жазушылар қауымының атынан ризашылығын білдірді.

Ал «Ұлы дала» байқауы ко­мис­­сиясының төрағасы, белгілі жа­з­ушы Әлібек Асқаров осындай шығармашылық байқаулардың маңызына тоқталып, оған түскен жүздеген шығарманың арасынан бір-екі үздік туынды анықталып жатса, оның өзі руханиятымыз үшін үлкен жетістік саналатынын айтты.

Содан кейін сөз алған Парла­мент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы жанындағы рес­пуб­ликалық Miras қоғам­дық кеңесінің төрағасы, ақын Жанарбек Әшімжан партияның «Өзге­рістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дарламасында руханият пен мә­де­ниетке тиісті назар аударылып, біршама жобалар жүзеге асқанын алға тартты.

Осы орайда партия Төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары зия­лы қауымның қоғамдық өмір­де­гі белсенділігі өте жоғары еке­нін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жы­лы партия өткізген праймеризге республика бо­йынша 350-ден аса қаламгер, публицист, ай­тыскер, журналист қатысқан.

Байқаудың шарттары бұқара­лық ақпарат құралдарында, пар­тия­ның ресми сайтында және әлеу­меттік желілердегі ресми ак­каунт­тарында, сондай-ақ аikyn.kz сайтында, Miras па­ртия­лық жо­басының Facebook парақ­ша­сын­да жарияланады.

Байқауға қатысу үшін жұ­мыс­тар­ды қабылдау 2021 жылғы 1 қазан мен 30 қараша аралығында жүзеге асырылады. Келіп түскен жұмыстар аikyn.kz сайтында «Ұлы дала» айдары аясында жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қа­ла­сын­да өтеді.