• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қыркүйек, 2021

Өткен тәулікте 4 947 авиажолаушы келді

138 рет
көрсетілді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 28 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Түрікменстан, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 947 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 266 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 302 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 386 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 5 рейс, 543 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 117 жолаушы;

Көкшетау қаласының әуежайына - 1 рейс, 6 жолаушы;

 Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 218 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 109 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.