• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қыркүйек, 2021

Мәнерлеп сырғанаушыларымызға Олимпиада жолдамасы бұйырмады

282 рет
көрсетілді

2022 жылы Бейжіңде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан қай мемлекетке қанша квота берілгені белгілі болды. Өкіншіке қарай, олардың қатарында Қазақстан жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жылдары Қазақ елі намысын халықаралық аренада абыройлы қорғап жүрген екі мәнерлеп сырғанаушы бар еді. Олар – Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева. Дәл осы өрендеріміз Олимпиадаға тек өздері барып қана қоймай, қосымша тағы бір жолдаманы иеленіп, оны өздерінің командалық әріптестеріне сыйлайтын. Бірақ қазір бізде ондай мүмкіндік жоқ. Денис Алматының қақ ортасында, тападай тал түсте жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапты. Жарақатынан айыға алмаған Элизабет үлкен спортпен қош айтысты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасынан қағылды.

Сонымен, ерлер арасында Ресейдің үш, АҚШ пен Жапонияның екі және Канада, Франция, Италия, Қытай, Грузия, Швейцария, Эстония, Беларусь, Латвия, Чехия, Мексика, Украина, Швеция және Израильдің бір сайыпқыраны өнер көрсетеді. Әйелдер сайысында Ресейдің үш, АҚШ-тың екі спортшысы бақ сынайды. Сондай-ақ, жарыс жолына шығатындар қатарында Бельгия, Жпония, Аустрия, Оңтүсті Корея, Әзірбайжан, Канада, Эстония, Швеция, Нидерланд, Болгария, Германия, Грузия, Қытай, Чехия, Ұлыбритания және Финляндияның арулары бар.