• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Президент 17 Қараша, 2016

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

6934 рет
көрсетілді

Елбасы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Б.Байбек Қазақстан Президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.

Бұдан бөлек, Б. Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35%-ға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.