• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Қыркүйек, 2021

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

381 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК Оңтүстік өңірлерде аяз болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Кезеңнің басында батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасының ықпалында болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Оған қоса, жауын-шашын көктайғақ құбылыстарымен ұласпақ. Түнде және таңертең тұман болжанады.

01 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі жалғасалды.

Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аязға, күндіз 2-7 градус жылуға дейін. Еліміздің солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз - 5 жылуды, күндіз 10-15-тен 13-18 жылуға дейінгі аралықты құрайды.