• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Қыркүйек, 2021

Зейнетақы жинағында қанша қаржы бар?

227 рет
көрсетілді

Ұлттық банк 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинағы 0,25%-ға ұлғайып, 12 945,8 млрд теңгеге жеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинағы жыл басынан бері 32,4 млрд теңгеге немесе 0,25%-ға ұлғайып, 12 945,8 млрд теңгеге жетті.

2021 жылғы қаңтар-тамызда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2 938,9 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шотының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 10,9 млн шот болды.

Ал зейнетақы төлемдерінің сомасы 2,0 трлн теңгені құрады.

БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады.