Конго Демократиялық Республикасында адамдарды сиқыршы көріп, өлім жазасына кесу дерегі көбейді, деп жазады Egemen.kz.
The Guardian жазуынша, құқық қорғаушылар қыркүйекте Оңтүстік Киву провинциясының үш ауданында сегіз әйел тірідей өртелген. Бұл провинцияны ұзақ жылдар қарулы топтар басқарды. Адвокаттар бұл жағдайға шара қолданғысы келмейтін ел басшылығын кінәлады.
Құқық қорғаушылар «мыстандарды» анықтау үшін тұрғындар «сиқыршыларды» қолданатынын атап өтті.
Мұғалім және құқық қорғаушы Шаша Рубенга 2000-ға жуық тұрғыны бар Чифунзи ауылында «мыстандарды» аулау оқиғасына куә болды. Олардың қолында жасы 65-тен асқан 19 әйелдің аты жазылған тізім болған. Әйелдердің көпшілігі үйінен қашып үлгерген. Кейбіреуін үкімет әскері құтқарып қалды. Рубенга бір әйелді қалай өртеп жібергеніне де куә болған. Алайда қылмысткерлерді табу оңай емес, өйткені қоғамдастық басшылары аты-жөнін атамайды.