• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қыркүйек, 2021

Ақсай шатқалындағы өрттен елді мекендерге қауіп бар ма?

279 рет
көрсетілді

Алматы облысының Ақсай шатқалында құрғақ шөп әлі өртеніп жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы 29 қыркүйекте сағат 08-00-дегі жағдай бойынша Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы бір учаскеде аздаған бықсу және шымтезек төсенішінің түтіндеуі бар. Бұл аймақтын айналасында жерді қазу және жырту жұмыстары жүргізілді.

«Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс атқаруда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы су шашып жатыр. Бүгінгі күні түтінді жоюға 38 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым қашықтықта және Радуга бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан», делінген хабарламада.