Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Жаңабаев Ерлан келді.
Ерлан Жаңабаев 1983 жылы дүниеге келген. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «инженер-экономист», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын «Мемлекеттік цифрлық басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының әкімдігінде бас маман болып бастап, 2007-2011 жылдары Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бірнеше бөлімді басқарған. Сондай-ақ, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2011-2015 жылдары – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған.
2017-2018 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
2018 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.