• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Қыркүйек, 2021

Павлодар облысына қосымша газ отыны жеткізіледі – АШМ

356 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ресурс иеленушілермен Павлодар облысына қосымша 2 мың тонна көлемінде газ отынын жеткізу туралы келісім бар, бұл көрсетілген қажеттілікті жабады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында астық кептіру қондырғыларының жұмысы үшін қажетті сұйытылған табиғи газдың болмауы себебінен Қазақстандағы астық дақылының «күйіп кетуіне» әкеп соқтыруы мүмкін деген ақпарат жарияланған.

«Газ отынымен жұмыс істейтін жабдықты негізінен Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері пайдаланады. Облыста жинау науқаны үшін газ бойынша жалпы қажеттілік 720 тоннаны құрайды. Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ресурс иеленушілермен Павлодар облысына қосымша 2 мың тонна көлемінде газ отынын жеткізу туралы келісім бар, бұл көрсетілген қажеттілікті жабады», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрліктеріне Шығыс Қазақстан (7,0 мың тонна), Павлодар (2,0 мың тонна) облыстарының әкімдіктерінен дәнді дақылдарды кептіруге дизель отынының қосымша көлеміне өтінімдер келіп түсті. Көрсетілген көлемдерді бөлу мәселесі қарастырылуда.