• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қыркүйек, 2021

Батыс Қазақстанда 26 жастағы қыз пойыздың астына түсіп қалды

252 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 қыркүйек күні Бөрлі ауданы аумағында болды. Сағат 13.52-де Қазақстан станциясында 1995 жылғы қыз жүк пойызының астына түскен. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

Қазіргі кезде іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.