Жапонияның бұрынғы сыртқы істер министрі Фумио Кисида сәрсенбінің сәтінде билеуші Либералды-демократиялық партия (LDP) жетекшілерінің бәсекесінде жеңіске жетті, бұл оның бірнеше күннен кейін Күншығыс елінің келесі премьер-министрі болып сайланатынын білдіреді.
Жапония Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Фумио Кисида сәрсенбіде өткен екінші турдағы дауыс беру қорытындысы бойынша елдегі билеуші Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жаңа төрағасы болып сайланды.
Кисида екінші турда 427 дауыстың 257-ін жинады, бұл дауыс жеңіске жетуге жеткілікті болды. Оның қарсыласы – Жапонияның бұрынғы сыртқы істер және қорғаныс министрі Таро Коно 170 дауыс жинады. Осылайша, Кисида ЛДП-ның жаңа төрағасы лауазымына ие болды және көп ұзамай ол Жапонияның жаңа, 100-ші премьер-министрі болады.
Коно мен Кисидадан басқа, сайлауға бұрындары министр лауазымында болған Санаэ Такаити мен Сейко Нода да қатысты, бірақ олар бірінші турда жеткілікті дауыс жинай алмай додадан шығып қалды. Жаңа үкімет басшысының кандидатурасын бекітетін Парламент сессиясы 4 қазанда өтеді деп күтілуде.
ЛДП төрағасын сайлау премьер-министр Есихидэ Суга өкілеттігінің аяқталуына байланысты өтіп жатыр. Ол бұл лауазымды өткен жылы Синдзо Абэнің кенеттен отставкаға кетуіне байланысты қабылдаған. Қазіргі үкімет басшысы Суга сайлау алдындағы жарысқа қатысудан бас тартты. Ол бұл шешімді қызметінің қалған бөлігін коронавируспен күресуге арнау ниетімен түсіндірді.
Партияның заң шығарушыларының жиналысында сөйлеген сөзінде Кисида әріптестерін қараша айында өтетін жалпы сайлауға және келесі жылы жоғарғы кеңесшілер палатасына сайлау қарсаңында бірлікке шақырды.
«Біз халыққа қайта жаңғырған партияны көрсетіп, оның қолдауына ие болуға тиіспіз. Сайлау аяқталды. Бізде енді тараптар жоқ, кандидаттар арасында бәсеке жоқ», деді жеңіске жеткен Кисида сайлау қорытындысы бойынша. Ол сонымен қатар күзде парламенттік сайлау болатынын және тиісті нәтижеге жету үшін ЛДП-ның барлық мүшесі бірігуі керек екенін еске салды.
Партияның жаңа төрағасы өзі дереу қызметіне кірісуге дайын екенін айтты. Басым міндеттердің бірі ретінде ол коронавирустың салдарымен күресудің экономикалық тұсын, әлеуметтік мәселелерді шешуді атады.
Либералды фракцияны басқаратын Кисида бұл жолы көптеген ардагер заң шығарушылардың қолдауына ие болып, партия президенттігіне түскен екінші додасы сәтті аяқталды. Ол өткен жылы Сугадан жеңіліп қалған еді.
Кисида 2007-2008 жылдары Окинава және «Солтүстік аумақтар» (Жапонияда Оңтүстік Курил аралдарын осылай атайды) істері жөніндегі министр болды. 2012 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың тамызына дейін Синдзо Абэ кабинетінде СІМ басшысы болды. Содан кейін ол LDP партиясының саяси кеңесін басқарды. Содан бері Кисида өзін партия төрағасы лауазымына кандидат ретінде белсенді түрде ұсынып келді. Алайда өткен жылы Абэ отставкаға кеткеннен кейін партияның басшылығы Есихидэ Сугаға өткен болатын. Кисиданың партияда 46 парламенттік депутаттан тұратын жеке фракциясы да бар.
Ол жаңа министрлер кабинетін құрып, қазан айының басында ЛДП басшылығында өзгерістер жасайды деп күтілуде.
Жапонияда сайлаумен қатар, індетке байланысты қабылданған қатаң шаралар да жеңілдей бастады. Бұл процесс бүгіннен басталады. Жапон билігі 2021 жылдың сәуірінен бастап локдаунда болған ұлттық экономиканы қалпына келтіру үшін осындай қадамға бармақшы. Шешім шенеуніктердің сарапшылармен кеңесуінен кейін қабылданды.
Үкімет шектеу шараларының орнына коронавируспен күресудің басқа тәсілдерін қолданады. Вакцина паспорттарын және індетті анықтау үшін міндетті тест енгізу қарастырылуда. Шектеулер барлық 27 префектурада жеңілдейді. Індеттің жаңа толқынының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда Жапониядағы төтенше жағдай дереу қалпына келтірілетіні айтылды.