• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 30 Қыркүйек, 2021

Айкөз мерген – вице-чемпион

275 рет
көрсетілді

Жақында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында ат үстінде садақ атудан ХVІ Әлем чемпионаты аяқталды.

Соңғы жылдары ат үстінде шауып келе жатып садақ ату өнері дү­ние­жүзінде қарқынды дамып отыр. Бұл реткі сайыс­қа әлемнің 12 елінен 22 мерген қатысты. Әлем мер­ген­дері корей, мажар (кассай) және түрік (қабақ) стилінде сынға түсті.

Маңызды сайысқа еліміз атынан қатысқан Түркістан облыстық Ұлт­тық спорт мектебінің мергені Айкөз Ералхан сайыстың алғашқы күні корей стилінде садақ атудан үздік шығып, алтын медаль иегері атанса, келесі күндері ма­жар және түрік стильдері бойын­ша қос бір­­дей күміс жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ жарыс қортындысы бойынша жалпы есепте екінші орынға ие болып, халықаралық жарыстың вице-чемпионы ата­ғына қол жеткізді.