• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда жол апатынан бес адам қаза тапты

206 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған, деп жазады Egemen.kz.

«Сағат 00.34-те 19 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзенінен Сарайшық көшесіне қарай өтетін көпірдің бойымен қатты жылдамдықпен жүріп, рульді басқара алмай қалған. Салдарынан қарсы жолаққа шығып кетіп,  Nexıa Ravon автокөлігімен соғылысқан», деп хабарлады елорданың Полиция департементі.

Жол апатынан екі жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болған. 1 жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.