Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресейлік Анна Блинковамен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ширек финалда ресейлік Натела Дзаламидзе – словениялық Кайя Йуванмен сынға түсті.
Бірінші партияда ресейлік-словениялық жұп басым түсті – 6:1. Екіншісінде Данилина мен Блинкова тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Супер тай-брейкте Дзаламидзе мен Йуван жеңісті жұлып алды – 10:5. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта ресейлік-словениялық жұп 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір ғана брейктен аса алмады. Осылайша А.Данилина жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды.