• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Қыркүйек, 2021

Алдағы үш күнде бірнеше өңірде үсік жүреді

298 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамына сәйкес бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды қ.: түнде және таңертең 01 қазанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 3 градус үсік жүреді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

1-3 қазан аралығында Қызылорда облысының, Маңғыстау облысының солтүстігінде 3  градус үсік жүреді.

 

01 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.

2-3 қазанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) жауады, тауда жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. 2-4 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі  аудандарда 2 градус үсік күтіледі.

Түнде 1-3 қазанда Атырау облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.