1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік тексерулері күшейтілді, осыған байланысты жолаушылардан рейске ертерек келу сұралады, деп жазады Egemen.kz.
«1 қазаннан бастап Қазақстан авиация әкімшілігінің бұйрығымен Алматы халықаралық әуежайында профилактикалық іс-шараларды жүргізуге байланысты авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілуде - терминалдың кіре берісінде қосымша тексеру желісі орнатылады», делінген хабарламада.
Жолаушыларға ұшу уақытына кешікпеу үшін әуежайға ертерек келуге кеңес беріледі.