Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, отандық және шетелдік клиникаларда обырды емдеуге қазақстандықтар қанша қаражат шығаратынын анықтады.
ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, соңғы 20 жыл ішінде әлемде обыр ауруына шалдығу екі есе өсті. Яғни 19,3 млн жағдайға дейін. Дүние жүзінде былтыр обырдан 10 млн науқас қайтыс болды. Кеуде, өкпе, жуан ішек және еркек без обырымен адамдар жиі ауырады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам обырдың жаңа оқиғалары тіркелген. Олардың кейбірі пациентке көмектесу өте күрделі жағдайға соғатын соңғы деңгейінде анықталған. Есепке 190 мыңға жуық қазақстандық сырқат алынса, былтыр онкоаурулардан 14 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Қазақстанда онкоауруды емдеуді толық немесе ішінара ұсынатын 180-нен астам медицина орталығы тіркелген. Мұндай клиникалар көбінесе Алматыда (81), Нұр-Сұлтанда (42) және Қарағандыда (24) орналасқан. Обырды емдеу қаншаға түсетінін шамалау үшін онкоклиникалардағы жиі көрсетілетін қызмет түрлерінің құнын байқап көрелік:
Маман кеңесі – 2 мыңнан – 20 мың теңгеге дейін.
Зерттеу және талдау жүргізу – бір талдама үшін 2 мың теңгеден басталады.
Ауруханаға жатқызу – тәулігіне 3 500 – 100 мың теңге.
Химиотерапия – 150 мың – 500 мың теңге.
Хирургия – операцияның күрделілігіне байланысты 10 мың – 800 мың теңге.
Шетелде емделу қажет болса, не істеу керек?
Дүние жүзінде обырды жағымды емдейтін клиникалар және медицина мамандары баршылық. Бірақ көптеген қазақстандықтар оған қол жеткізе алмайды.
Отбасылық бюджетке ауыртпалық түсірмеуді, жақсы клиникада емделуді ойластырғандар немесе отбасы өтемақы алатынына қам жемейтін адамдар – жіті аурулардан емделу үшін ерікті сақтандыруды таңдайды. Аталған бағдарламалардың ережелеріне сәйкес, егер сақтандырылған адамға диагоз қойылатын болса, сақтандыру компаниясы емделу шығындарын лайықты шетелдік клиникада төлейді.
«Бағдарламалар қазақстандықтарға қолжетімді болу үшін сақтандыру нарығына «Денсаулыққа жазылым» өнімі енгізілді. Бұл бағдарлама сомасы 1 млн долларға дейін құрайтын шетелде емделу мүмкіндігін ұсынады: кардиохирургия, трансплантация, оңалту және басқа да қымбат медициналық қызмет көрсету түрлері бар. Жазылым құны – айына бір адамға 15,1 доллардан басталады. Төлемін өзіңізге қолайлы түрде жасауға болады. Одан басқа, отбасылық және корпоративтік топтамалары бар», деп түсініктеме берді Freedom Finance Life ӨСК.