• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Қазан, 2021

Үкімет екпе жоспарын еңсеріп үлгермеді

243 рет
көрсетілді

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 7 654 566 адамға жетті. Ал екі бірдей дозаны алғандар бұдан бір миллионға аз болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетері, Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталған болатын. Ал көктемде Премьер-Министр Асқар Мамин қыркүйектің соңына дейін 10 миллион адамға вакцина салу жоспарын жариялаған. Осылайша, екпе алуға жататын халықтың 100 проценті қамтылуы тиіс еді.

Бас кезінде денсаулық сақтау министрлігі вакциналауға жататын халықтың саны 10 миллион адам деп шығарған. Артынан бұл көрсеткіш 30 мың адамға 9 970 000-ға дейін төмендетілген.