Синоптиктер қазанның 2-4 аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Ол жаңбыр мен жаңбар аралас қар жаууына ықпал етеді.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады.
Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болады, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 жылы болады.
Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 градус аяз - 3 жылы, күндіз 5-15 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 12 жылу, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 аяз-3 жылы, күндіз 2-11 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 3-11-ден 7-15-ке дейін жылу көтеріледі.
Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады.
Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.