• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қазан, 2021

Солтүстік Корея тағы бір зымыранын сынақтан өткізді

357 рет
көрсетілді

Бұл туралы осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Хабар 24» арнасының жазуынша, Пхеньян бұл жолы зениттік зымыранды ұшырып, оның іске қосатын қондырғысы мен радиолакаторды тексерген. 

Өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан жылдам «Хвасон-8»  зымыранын сынақтан өткізіп, Жапония оған наразылық білдірген болатын. Бірақ Пхеньян бұл қарудан көрші елдерге еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.