ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейбіт Қарымсақов Алматы халық шаруашылығы институтын, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
1996 жылдан бастап - Алматы қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2003-2014 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, әрі қарай Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Кейін Алматы әкімі аппаратының басшысы, Астана «ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ» Басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ»-да экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры болып жұмыс атқарған.