• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2021

Темір жол бойындағы жазатайым оқиға азаймай тұр

595 рет
көрсетілді

Статистика бойынша жыл сайын темір жол бойында елуден астам жазатайым оқиға болады, деп жазады Egemen.kz. 

«Қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – зардап шеккендердің жеке қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және ұқыпсыздығы. Азаматтар темір жолдардың рұқсат етілмеген жерлерінен өтуге тырысады. Локомотив бригадаларының шеберлігі мен  кәсібилігінің арқасында 90% жағдайда адамдарды қағып кетуге жол берілмейді», деп жазады «Қазақстан Темір жолы».

«Сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен жүретін 6 мың тонналық пойызды бірден тоқтату мүмкін емес. Салмағы 200 тоннадан асатын локомотивке 600-800 метрлік тежеу жолы қажет болады», деп  түсіндірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Бақытбек Алдажаров.

Баспасөз мәлімтеінше, зардап шеккен әрбір бесінші адам мас күйде болған.

Биыл темір жол бойында тіркелген барлық жағдайдың 14%-ы суицидтік сипатқа ие.

«Темір жол инфрақұрылымы нысандарына жақындағанда адамдар құлаққаптарын алып тастауды ұмытып кетеді, сондықтан да жақындап қалған пойыз дыбысын  және локомотив бригадасының соққан дабылын естімейді.  Зардап шеккендердің шамамен 3% құлаққаппен музыка тыңдаған», делінген хабарламада.

Жасөспірімдер әлеуметтік желілерге арналған селфи мен түрлі бейнелерді түсіру кезінде темір жолда жарақат алады. Кейде олар өміріне қауіп төнсе де, ең қауіпті жерлерді таңдайды.

Темір жолдағы тағы бір қауіп – 27 мың вольтты жоғары электр кернеуіне түсу. Ойын-сауық іздеп балалар вагондардың төбесіне көтерілсе, өлімге әкелетін жарақат алуы мүмкін.

«Темір жолдағы жазатайым оқиғалар қоғамға үлкен зиян келтіреді. Біріншіден, бұл адам шығындарының орны толмас сипаты. Еліміздің барлық өңірінде тұрғындар арасында, көбінесе білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргіземіз. Темір жолдағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша жадынамалар шығарылады. Олар темір жол серуендеу, балаларға арналған көңіл көтеру, селфи түсіру үшін арналмағанын ескертеді. Жазатайым оқиғаның құрбаны болмау үшін әр адам темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін білуі және сақтауы тиіс», деді Бақытбек Алдажаров.

Темір жолды тек белгіленген жерлер мен жабдықталған орындардан ғана, онда да жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына немесе өткелдегі белгі беру құралының рұқсат беретін белгісіне көз жеткізіп барып өтуге болады.

«Азаматтар темір жолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтап қана қоймай, өзгелерге, ең алдымен балаларға ескерту жасауы тиіс», деп ескертеді ҚТЖ.

Теміржолшылар магистральдық жолдар арқылы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жарақаттануды азайтуға мүмкіндік береді деп есептейді. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде.