• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2021

Қарағанды облысынан патшайым Екатерина Екіншінің тұсындағы тиын табылды

768 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты, деп жазады Egemen.kz.

Екатерина II-нің тұсындағы көне тиынды балықшылар тауып алған. Зейнеткер Жұмахан Тамабеков Сарысу өзенінің бойында жауынқұрт қазып жатқан кезде байқап қалады. Мыстан құйылған бес тиын 1766 жылы жасалыпты. Үш ғасырға жуық жер астында жатқан тиынның беті аздап шіріген. Дегенмен, суреті мен жазуы сақталыпты. Зейнеткер жәдігерді музейге әкеліп тапсырды.

«1762 жылдан бастап 1796 жылға дейін Ресейде сенаттың шешімі бойынша Екатерина Екінші осындай мыс монеталар дайындата бастады. Бұлар миллионнан артық. Бұл монетаның сол кезеңдегі құны 5 тиын ғана. Көп қымбат тұрмайды. Бірақ та бұл жәдігердің ең басты құндылығы Сарысу өзені бойында үлкен көш керуен жолының болғандығын дәлелдейді», дейді тарихшы Темірғали Аршабеков.