Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабар таратты.
«Өрт сөндіру барысында «Универсал» жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде», деп жазылған ресми мәліметте.