Қазгидромет 3 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық жартысында сақталады, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда кейде қатты жауын-шашын жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Павлодар облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.