• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2021

Бүгін – мұғалімдер күні

1053 рет
көрсетілді

Қазанның алғашқы жексенбісі – Қазақстанда мұғалімдер күні. Бұл – білім беру саласының мамандарына ортақ мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзі бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның дәлелі – елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданып, қолданысқа сәтті енуі. Құжат 21 баптан тұрады. Ол баптар 500 мыңнан астам педагогтің кәсіби құқығы мен міндеттерін айқындайды.

Жалпы, мұғалімдер мерекесі халықыралық деңгейде 1994 жылы ЮНЕСКО шешімінен бекітілген. Тәуелсіз Қазақстан ұстаздар күнін КСРО құрамынан бірге шыққан Әзербайжан, Украина, Қырғызстан, Латвия, Беларусь сияқты қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіп келеді.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, биылғы оқу жылында 3,6 млн оқушыға елімізде 367,7 мың мұғалім білім береді. Оның ішінде 12 мыңнан астам мұғалім еңбек жолын биыл ғана бастаған.