• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Қазан, 2021

Португалия футзалдан әлемдегі ең үздік команда атанды

146 рет
көрсетілді

Литвада футзалдан 9-шы Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалда Португалия мен Аргентина құрамасы кездесті. Португалдықтардың жолы болды, олар өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Шешуші кездесуде еуропалықтар оңтүстік америкалықтарды 2:1 есебімен ұтты.

3-орын үшін кездесуде Бразилия Қазақстанды 4:2 есебімен ұтты.

Әлемнің бес дүркін чемпионы бразилиялықтар өз тарихында екінші рет қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан футзал құрамасы да алғаш рет Әлем чемпионатында 4-орынға қол жеткізді.